Астана халықаралық әуежайы жолаушыларға әуе айлағына ертерек келуді ескертеді.
Өйткені «Болашақ ойындары» деген халықаралық жарыс болып жатқандықтан, алдағы күндері көлік нөпірі көбейіп, жолда кептеліс болуы мүмкін. Ұшаққа кешігіп қалмас үшін тіркеуден ертерек өткен жөн. Мәселен, халықаралық рейстерге кемі 3 сағат, ал ішкі рейстерге 2 сағат бұрын келу қажет. Еске сала кетейік, «Болашақ ойындары» 9 тамызға дейін жалғасады.
Рамазан Палмағанбет