Денсаулық сақтау министрлігі ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын көрсетті.
Әрбір қазақстандық енді профилактикалық скринингтен тегін өте алады. Кешенді тексеріс кезінде көбіне симптомсыз өтетін онкологияны, жүрек-қан тамырлары ауруларын және өзге де ауыр дерттерді ерте бастан анықтауға болады. Мұндай медициналық зерттеуден 30 бен 76 жас аралығындағы отандастарымыздың өту мүмкіндігі бар.
АЛЁНА ЗЕКУНОВА, ПРОФИЛАКТИКА ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
Бұл кешенді тексеріс сіз тіркелген емханада толықтай тегін жүргізіледі. Денсаулық – ең басты байлық, оны күту өз қолыңызда!
Министрліктің мәліметінше, дертті дер кезінде анықтау – ем-домның тиімділігін арттырып, асқынудың алдын алады. Скринингке қатысты толық ақпаратты өзіңіздің учаскелік дәрігеріңізден біле аласыз.
Аяжан Қожатай