Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің айлығы екі есеге дейін өсуі мүмкін. Құзырлы министрлік жалақыға қосылатын үстемеақыны 100 пайызға дейін көбейтуді көздеп отыр. Бұл жұмыста жоғары нәтиже көрсеткен, сондай-ақ аса маңызды және күрделі жұмыстарды атқаратын мамандарға қатысты. Жауаптылар осы өзгеріс сала қызметкерлерінің еңбекке ынтасын арттырып, білікті кадрларды сақтап, жаңасын тартуға ықпал етеді деп есептейді. Құжат 2026 жылғы 17 тамызға дейін қоғамдық талқылауда болады.