550 шетелдік студент біздің елдің білім грантын иеленді.
Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсуге бүкіл әлемнен 16 мыңнан астам адам ниет білдірген, бірақ байқаудан тек ең мықтылары ғана өтті. Гранттардың басым бөлігі болашақ бакалаврларға берілді, ал қалғаны магистранттар мен докторанттарға берілді. Тегін оқитындардың едәуір бөлігі – тарихи отанына ілім қуып келетін қандастар. Биыл бағдарламаның географиясы екі есеге жуық кеңейді, дүниенің 49 мемлекетінің жастары Қазақстанда оқуға өтініш білдірген. Стипендиаттар қатарына алғаш рет АҚШ, Германия, Италия және Оңтүстік Корея азаматтары кірді.