Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 14 қаралым

Қырағы құтқарушылар ерледі!

Каспий теңізіне батып кете жаздады. Су бетінде үрлемелі шеңбермен жүзіп жүрген жас жұпты ағыс алып кетіпті. Олар жағадан 800 метрдей алшақтап кеткен. Оқиға Ақтаудан 25 шақырым жердегі «Шора» каналы маңында болды. Әйтеуір сәтін салғанда, құтқарушылар теңізден әлі отызға да толмаған жастарды байқап қалған. Төтенше жағдайлар қызметкерлері оларды аман-есен жағаға жеткізді.

Астанада да асау толқындар үш адамды ағызып әкетті. Ескекті тақтайдың қызығына кіріп кеткендерді Есіл еркелетіп жатпады. Жоқ жерден қиын жағдайға тап болғандар жағаға жете алмай, жандары мұрынның ұшына келген. Оларды да жан-жақты шолып жүрген құтқарушылар көріп қалып, бір ажалдан аман алып қалды. Ал профилактикалық шара кезінде су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарын бұзған 13 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.

← Барлық жаңалықтар