Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 14 қаралым

Жұмысшыны топырақ басып қалды

Жазым деген аяқ астынан. Оралда құрылыс алаңында топырақ опырылып түсіп, жұмысшыны басып қалды. Оқыс оқиға Абай даңғылында болған. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 60 жастағы ер азамат нысанның іргетасын оқшаулау жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде коммуналдық траншеяның топырағы үстіне құлаған. Абырой болғанда, құтқарушылар дереу жетіп, үйіндінің астында қалған оны аман-есен сыртқа алып шыққан. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында. Ал құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтауда.

← Барлық жаңалықтар