Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 14 қаралым

Жасөспірім қыз есірткі таратумен айналысқан

Алматыда кәмелетке толмаған қыз есірткі таратты деген күдікпен ұсталды. Полицияның мәліметінше, ол заңсыз әрекетке жеңіл табыс табу үшін барғанын айтыпты. Медеу ауданында тәртіп сақшылары үш жасөспірім қыз отырған таксиді тоқтатқан. Тексеру кезінде күдіктіден өсімдік тектес және синтетикалық есірткі салынған түйіншектер табылған. Ол есірткіні жасырын орындарға қалдырып, таратқанын мойындаған. Қазір оны қылмысқа кімнің тартқаны және заңсыз схеманы ұйымдастырушылар анықталып жатыр.

← Барлық жаңалықтар