Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 15 қаралым

80 мың тұрғын газбен қамтылды

Қайтарылған актив елдің керегіне жарап жатыр. Үкіметтің ұйғарымымен Жамбыл облысына 2,9 млрд теңге бөлініп, нәтижесінде 80 мыңнан астам тұрғын көгілдір отынмен қамтылады. «Шу» автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылысы аяқталып, нысан іске қосылды. Енді тұрғын үйлер ғана емес, орталық қазандық және кәсіпкерлік нысандар көгілдір отынмен үздіксіз қамтамасыз етіледі. Бұған дейін Шу мен Мойынқұм аудандарының тұрғындары газды 100 шақырым жердегі «Қордай» газ тарату стансасынан алып келіпті.

ҚАЙЫРХАН ТҰТҚЫШБАЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Бұл жобаны іске асыру өңірді сенімді газбен қамтамасыз ету үшін маңызды. Жаңа Шу газ тарату стансасының іске қосылуы газбен жабдықтау жүйесінің сенімділігі мен тұрақтылығын едәуір арттырып, 83 мыңға жуық тұрғыны бар Шу және Мойынқұм ауданының тұрғындарын үздіксіз табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

← Барлық жаңалықтар