Құрылтай сайлауында таңдау жасай алатын қазақстандықтардың саны белгілі болды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, республика бойынша сайлаушылар тізіміне 12 млн 605 мың 788 адам енгізілген. Олардың көбі Астана мен Алматы қалаларында, сондай-ақ Түркістан және Алматы облыстарында тіркелген. Бұл өңірлердің әрқайсысында дауыс беруге құқығы бар азаматтардың саны 1 миллионнан асады. Ал ең аз сайлаушы Ұлытау мен Солтүстік Қазақстан облыстарында екен. Айта кетейік, әр азамат 2026 жылғы 7 тамыздан бастап учаскелік комиссияларға барып, тізімде өзінің бар-жоғын тексере алады.