Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 9 қаралым

Салықшылардың ескертуі!

Екі аптадан аз уақыт қалды. Осылай деген салық органдары қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады. Мемлекеттік кіріс комитетінің хабарлауынша, 2026 жылдың екінші тоқсаны мен бірінші жартыжылдығы үшін салық декларациясын тапсыруға санаулы күндер қалды. 2026 жылғы 15 тамызға дейін бизнесмендер көрсетілген кезеңдегі салықтар туралы есеп беруге міндетті. Осы тұста айта кетерлігі, бұл күн сенбіге сәйкес келгендіктен, уақыты 2026 жылғы 17 тамызға ауыстырылды. Сондай-ақ тағайындалған алымдар да дер кезінде төленуі тиіс. Мамандар бюджеттің бүйірін толтыратын салықты кешіктірмей төлеу ел дамуына қосылған үлес екенін еске салады. Өйткені бұл қаражат мектептер мен аурухана сынды әлеуметтік нысандарды қаржыландыруға, түрлі жәрдемақыларды төлеуге және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға жұмсалады.

← Барлық жаңалықтар