Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 10 қаралым

Жарты миллион теңгенің шоколады ұрланған

«Тәттіқұмарлық» не істетпейді, ә?! Жетісу облысының тәртіп сақшылары бір «қызық» қылмысты әшкереледі. Жаркенттің тұрғыны дүкеннен шоколад ұрлап, ұсталып қалды. 41 жастағы ер адам апта бойы бір дүкенге келіп, тәттіні сөмкесіне, онан қалды қалтасына тыға берген екен. Сосын ештеңе болмағандай, ақшасын төлемей шығып кетіп жүріпті. Бәлкім, бейнекамераға түсіп қалмаса, бұл әрекетін жалғастыра берер ме еді, кім білсін? Осылайша ол бір айдың ішінде жалпы құны жарты миллион теңгеден асатын 625 шоколадты қолды қылған. Кінәсін күдікті толық мойындапты. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

← Барлық жаңалықтар