Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 10 қаралым

Ерлі-зайыпты есірткімен ұсталды

Есірткіге есі кеткен ерлі-зайыпты. Шымкенттің полицейлері көлігімен екі келі мефедрон алып жүргендерді қолға түсірді. Ұсталғандар – Қарағанды қаласының тұрғындары, әрі некелі азаматтар болып шықты. Үш баланың ата-анасы мефедронның ірі партиясын басқа өңірлерге таратпақ болған екен. Тінту кезінде телефондарынан кураторларымен байланысқан хаттары да табылды. Олар есірткіні тасымалдау жайлы тапсырмалар беріп отырыпты. Тергеу кезінде ерлі-зайыптылар кінәсін мойындап, қамауға алынды.

← Барлық жаңалықтар