Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 20 қаралым

Далада жолбарыс жүр

Жетпіс жылдан кейін қайта оралды.

«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватында тарихи сәт: мамандар Амур жолбарысының аналығын табиғи мекеніне жіберді. Жануарды Ресейден әкелген. Жалпы, жолбарыстарға бұл өңір жат емес, олар ежелден осы маңды мекендеген.

Алайда XX ғасырдың ортасында жолбарыс біткен ел аумағынан жойылып кеткен еді. Биыл көрші Ресейдің қолдауымен Қазақстанға табиғи ортадан ауланған төрт Амур жолбарысы жеткізілді. Табиғи ортаға жібермес бұрын барлығына ветеринарлық тексеру жүргізген. Еркіндікке шығуға төрт жануардың арасынан Үміт дайын болып шықты. Оның мойнында спутниктік қарғыбау бар. Қалғандары да сынақтан өткен соң резерват аумағына жіберіледі.

← Барлық жаңалықтар