Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 20 қаралым

Су саласындағы деректер цифрландырылды

Судың да сұрауы бар.

Енді еліміздегі өзен-көлдер мен олардың сағалары түгел цифрландырылып, орталық ақпараттық жүйеге қосылатын болды. Құжатты әзірлеген Су ресурстары және ирригация министрлігі оған барлығы 17 мыңдай өзен, үш мыңдай көл мен мыңнан астам гидротехникалық нысанды енгізіпті.

Бұл су пайдалануды есепке алуға, су қоймаларының жай-күйін бақылауға, трансшекаралық өзендердің жағдайын қадағалауға мүмкіндік бермек. Бұдан тыс, жүйеге су тұтынатын 3 мыңға жуық ұйым мен 4 мыңнан астам пайдаланушы тіркелген.

Осылайша, су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесінде 23 мыңнан астам су нысаны туралы мәлімет цифрландырылған. Бұдан бөлек, жүйеге су шаруашылығы және гидротехникалық нысандардың 9 мыңға жуық цифрлық паспорты да енгізіліпті. Құжат арнайы талдау орталығында әлі де пысықталып жатыр екен.

← Барлық жаңалықтар