Аптап ыстықтан қорғанудың өзіндік амалдары.
Алматы хайуанаттар бағы күннің ыстығында жануарларды қалай құтқарып жатқанын көрсетті. Мәселен, Пурга есімді ақ аю бассейнде салқындап жүр. Ал жолбарыстар, сусиырлар мен тапирлар салқын судан шықпайды. Жылқылар, яктар, түйелер мен ламалар үшін арнайы сергітетін сулы тұман орнатылған. Мүйізтұмсықтар батпақ ваннасын қабылдаса, пілдер шаңға шомылуды жөн көреді.
Бұл – олардың ыстықтан қорғануының табиғи тәсілі. Ал шимпанзе Лола мен Пашаға нағыз жеміс мұздағы үлестіріледі. Бақтың қызметкерлері оларға өрік, алма, шие мен таңқурайдан салқындатылған десерт дайындаған. Хайуанаттар бағы тұрғындарды осы сәттерді өз көзімен көруге шақырады.