Мазмұнға өту
· 102 қаралым

Қазақстанға Қытайдан үш жаңа әуе рейсі ашылмақ

Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасы кеңейе түспек.

Аспан асты елінің Urumqi Airlines компаниясы Қазақстанға үш жаңа бағытты ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті мәлімдеді. Көлік вице-министрі мен қытайлық әуе тасымалдаушы басшылығы кездесу барысында жаңа рейстерді іске қосу мәселесін талқылады.

Компания Үрімші – Қарағанды, Құлжа – Астана және Құлжа – Алматы бағыттарына тұрақты әуе қатынасын ашуға ниет білдірген. Қазақстан тарапы да өз ұсыныстарын жеткізіп, Өскемен мен Семейге, сондай-ақ алдағы уақытта Зайсан және Катонқарағайдағы жаңа өңірлік әуежайларға ұшуды қарастыруды ұсынды.

← Барлық жаңалықтар