Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 16 қаралым

Дәрігерлер егілген әр бала үшін ақша ала ма?

Балаға міндетті екпе салған дәрігерлер қалтасын қампайтып жүр ме? Желіде кең тараған қауесетке Денсаулық сақтау министрлігі нүкте қойды. NoFake порталына сұхбат берген Иммунопрофилактика орталығының басшысы Нұршай Әзімбаеваның сөзінше, бұл тек алып-қашпа әңгіме. Вакцинация жүргізу – дәрігерлер мен орта медициналық персоналдың тікелей міндетіне кіреді. Ол үшін қосымша төлемдер немесе сыйақы қарастырылмаған. Мамандар иммундауды жүргізіп қана қоймай, ата-аналарға кеңес береді, сондай-ақ препараттардың сақталу шарттарының орындалуын бақылайды. Олар бұл жұмыстары үшін тек бекітілген мөлшердегі жалақысын ғана алады, деп түсіндірді ведомство өкілі.

← Барлық жаңалықтар