Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 18 қаралым

Астық экспорты артты

Қазақстанда астық экспорты жыл сайын артып келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 7 млрд долларға жеткен. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың айтуынша, экспорт импорттан 500 млн долларға асып жығылыпты. Ал соңғы 11 айда астықтың сатылымы 13,9 млн тоннаға жуықтаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,6 пайызға көп. Экспортты ынталандыру шараларының арқасында қазақстандық өнім Марокко, Алжир, Біріккен Араб Әмірліктері, Вьетнам және бірқатар Еуропа елдерінің нарықтарына шығыпты.

← Барлық жаңалықтар