Баламалы энергияға басымдық беріліп жатыр.
Елімізде жыл соңына дейін тағы 5 күн электр станциясы іске қосылады. Оның екеуі Қызылорда облысында орналасқан. Қос нысанның жалпы қуаты 30 мегаватт.
Энергетика министрлігінің дерегінше, республикада күн энергетикасының қуаты кезең-кезеңімен артып келеді. Сонымен қатар жалпы қуаты 900 мегаватт болатын перспективалы жобалар портфелі қалыптасты.
Қайыркен Отыншы