Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 12 қаралым

Қазақстандықтардың кредиттік тарихы тазартылады

Қазақстандықтардың кредиттік тарихы тазартылады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жаңадан қаулы әзірледі. Құжатқа сәйкес, автокөлікті немесе жылжымайтын мүлікті кепілге қою арқылы алынған микрокредиттер несие тарихында көрсетілмейді. Яғни мерзімі өткен төлемдер, айыппұлдар мен өсімпұлдар туралы мәліметтер жойылады. Өзгерістер күшіне енген соң мерзімі өткен төлемнің қанша күнге созылғаны, айыппұлдың сомасы мен соңғы төлемнің жасалған күні жайлы мәліметтер көзден ғайып болады. Ал кредиттік бюролар қарыз алушы берешегін толық өтеп біткенше микрокредиттің мәртебесін «Қолданыста» деп көрсетуге міндетті. Қаулы қабылданғаннан кейін 10 күннің ішінде күшіне енбек.

← Барлық жаңалықтар