Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 11 қаралым

Еріктілер қызметін реттейтін құжат әзірленіп жатыр

Қазақстанда волонтерлікті қолдаудың жаңа тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Құжат еріктілер қозғалысын одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын айқындап бермек. Бұл туралы Ұлттық волонтерлер фронт-офисінің басшысы Айбек Досымбетов айтты. Тұжырымдамаға салалық бағыттар енгізіліп отыр. Яғни, экология, медицина, білім беру және өзге де бағыттарда жұмыс істейтін еріктілермен тиісті ведомстволар тұрақты байланыс орнатып, оларды арнайы оқытудан өткізеді. Бұл волонтерлік қызметтің сапасын арттырып, оның тұрақты дамуына серпін береді.

АЙБЕК ДОСЫМБЕТОВ, ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛЕР ФРОНТ-ОФИСІНІҢ БАСШЫСЫ:

Егер 2020 жылы елде 224 волонтерлік ұйым жұмыс істесе, қазіргі уақытта 810 волонтерлік ұйым тіркелген. Ол кезде 50 мың волонтер болса, қазіргі уақытта 300 мыңға жуық волонтер тартылып жатыр. Яғни бұл Қазақстандағы волонтерлік жобаларға тартылған волонтерлар саны.

← Барлық жаңалықтар