Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 11 қаралым

Досы үшін соққының астында қалған

Досы шықпағаны үшін оның 14 жастағы танысын сабап кеткен. Ақтауда екі жасөспірім мектеп оқушысын аямай соққыға жығып, оны видеоға түсіріп алған. Жәбірленушінің туыстарының сөзінше, жуан жұдырықты екеу таяқ жеген бозбаланы дүкеннен шыққан сәтінде ұстапты. Кейін одан досын сыртқа шығарып беруді талап етіпті. Айтқанын істете алмаған екі жасөспірім мектеп оқушысын басынан теуіп, ұрып-соғып, оны таспалап досына жіберіпті. «Далаға шықпайтын болсаң, сенімен де дәл осылай болады», деп қорқытқан. Ал досы үшін таяқ жеген жігіт қазір ауруханада жатыр. Ал өздерін бір сәтке қаһарман сезінген екеуі ата-аналарымен бірге учаскелік полицияға жеткізіліп, қазір тексеру жүріп жатыр.

← Барлық жаңалықтар