Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 20 қаралым

Кәсіпкер әйелдердің қаржысы бақылауда

Әйел кәсіпкерлерге берілетін қаржылық қолдау енді цифрлық бақылауда болады.

Ұлттық аналитикалық платформаны Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі іске қосты. Бұл ресурс Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту үшін ашылып отыр. Ол іскер жандардың қаржылық қолдауға қолжетімділігін сараптайды. Яғни, бизнесті дамытуға алынған кредит қандай салаға құйылды, өңірлік ерекшеліктері қандай – осы деректердің барлығы платформада жиналмақшы. wefikazakhstan.com интернет-ресурсы тәулік бойы қолжетімді және қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жұмыс істейді.

Гүлмира Тасболатқызы

← Барлық жаңалықтар