Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 19 қаралым

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда айналымы артқан

2,3 миллиард доллар. Бұл Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда айналымының жарты жылдағы көрсеткіші. Бұл туралы Ташкентте өткен бизнес форумда айтылды. Сондай-ақ жиында сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамыту, инвестиция тарту және бірлескен өндіріс орындарын ашу мәселелері жан-жақты талқыланды.

Кездесу аясында кәсіпкерлер арасында жаңа іскерлік байланыстар орнап, өзара ынтымақтастық жөнінде келісімдер жасалды. Бүгінде екі ел арасындағы тауар айналымы тұрақты өсіп келеді. 2025 жылы өзара сауда көлемі 16,2 пайызға артып, 4,8 миллиард долларға жетті. Ал Қазақстанның Өзбекстанға экспорты 3,5 миллиард доллардан асқан.

ҚАНАТ ШАРЛАПАЕВ, «АТАМЕКЕН» ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ТӨРАЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Дәл қазір бүкіл Қазақстаннан келген компания саны бір жүзден астам, бизнес өкілдері келді Өзбекстанға. Ең басты мақсатымыз — сауда айналымын арттыру. Сауда айналымы қазіргі таңда 10 млрд долларға жетуі керек.

Сонымен қатар, басқосуда тараптар өндірістік кооперацияны күшейтуге ерекше мән беріп отырғандарын жеткізді. Атап айтқанда, металлургия, химия өнеркәсібі, машина жасау, энергетика, агроөнеркәсіп және өңдеу салаларында бірлескен жобаларды іске асыру көзделіп отыр. Сондай-ақ көлік-логистика бағытындағы цифрлық технологияны енгізу және трансшекаралық сауданы жеңілдету мәселелері қаралды.

← Барлық жаңалықтар