16 тамыздан бастап Үлкен Алматы айналма жолымен жүру ақысы екі есеге қымбаттайды. Енді жеңіл автомобильдер 600 теңге, жүк көліктері тоннасына қарай 700-ден 2000 теңгеге дейін төлейді. Бірақ жүргізушілердің 50 пайыз жеңілдік алуына мүмкіндігі бар. Егер жол ақыны алдын ала немесе жолдан өткеннен кейін 7 күн ішінде өтесе, баға бұрынғы тарифпен қалады. Көлік министрлігі жаңа жүйе ақылы жолда тегін жүріп үйренген жүргізушілерді жөнге салу үшін іске асырылып отыр деп түсіндірді. Өйткені соңғы кезде Үлкен Алматы айналма жолымен қатынайтындар төлем жасамай, бюджетке шығын келтірген.
МЕРЕЙ СЫДЫҚ, ҮЛКЕН АЛМАТЫ АЙНАЛМА АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНЫ:
Сонымен қатар, жол ақысын уақытылы төлеуді ынталандыру үшін 50 пайыздық жеңілдік енгізіледі. Жеңілдік алдын ала төлем жасаған кезде немесе жол жүріп өткеннен кейін 7 күн ішінде төлем жасаған жағдайда қолданылады. Белгіленген мөлшерден өткеннен кейін жол жүру ақысы толық мөлшерде алынады. Талғар, Қарасай, Іле аудандары үшін айлық және абонементтердің құны өзгеріссіз қалады.