Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 14 қаралым

Ақтөбе мен Талдықорған тұрғындарына ескерту

Ақтөбеліктер мен Талдықорғандағылар, абай болыңдар!

Қалаларда қолайсыз метеорологиялық жағдай болуы ықтимал. Бұл туралы «Қазгидромет» мамандары мәлімдеді. Синоптиктердің айтуынша, тынық күн мен ауа инверсиясы, тұман сияқты факторлар ауаның төменгі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына әсер етеді. Сондықтан тұрғындар далада ұзақ уақыт жүрмегені абзал. Көлік трассаларының, өндіріс орындарының маңынан аулақ жүріңіз. Егер тыныс алу, жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдықсаңыз және аллергияңыз болса, сыртқа шыққанда дәрі-дәрмегіңізді алып жүруді ұмытпаңыз.

← Барлық жаңалықтар