Елімізде тағы бір блогерге іздеу жарияланды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті хабарлады. Олар бұл жолы Махмуд Хикматовтың ізіне түсіпті. 26 жастағы блогер де онлайн-казиноны жарнамалаған көрінеді. Тергеу нұсқасы бойынша, Махмұд Хикматов ойыншыларды тарту ісінде маңызды рөл атқарған болуы мүмкін.