Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 6 қаралым

Жеті айда 5,2 миллион рет шақырту

Қазақстанның жедел жәрдем бригадалары биыл жеті ай ішінде 5,2 миллион рет шақыртуға барған.

Бұл – тәулігіне шамамен көмекке мұқтаж 25 мың адамға қызмет көрсетілді деген сөз. Көбіне мамандар инфаркт, инсульт және жол-көлік оқиғалары сынды шақыртуларға барады екен. Бүгінде еліміз бойынша 20 дербес жедел медициналық жәрдем станциясы, 92 қалалық қосалқы станция және 189 аудандық бөлімше жұмыс істейді. Соның арқасында шұғыл медициналық көмек ірі қалалардың тұрғындарына да, шалғай елді мекендерде тұратын азаматтарға да қолжетімді болып отыр.

 

Саулебекова Гульмира

← Барлық жаңалықтар