Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 2 қаралым

Жолаушылар отырған автобус өртенді

Жолдың қақ ортасында жолаушылар автобусы отқа оранып, жанып кетті. Оқиға Батыс Қазақстан облысында болған. Қоғамдық көлік Орал мен Қаратөбе ауданының арасында адам тасыған екен. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, автобуста 37 адам болған. Қызыл жалыннан қаза тауып, не күйіп қалған ешкім жоқ. Барлығы дін аман. Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамның 8 адамы мен 2 техника жұмылдырылды. Қазір өрттің шығу себебі тексеріліп жатыр.

← Барлық жаңалықтар