Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 3 қаралым

Тамыздағы ҰБТ басталды

Бүгін тамыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Білім сынағына қатысу үшін 30 мыңнан астам өтініш қабылданған. Қатысушылардың 65 пайызы қазақ, 35 проценті орыс тілінде, ал 100 талапкер ағылшынша тест тапсырады. Емтиханға биылғы және өткен жылдардағы мектеп пен колледж түлектері, қандастар, шетелде білім алған талапкерлер, сондай-ақ алдыңғы оқу жылында шекті балл жинамаған және ақылы негізде жоғары оқу орындарына қабылданған азаматтар қатысып жатыр. Ал тестілеу 2026 жылғы тамыздың 14-не дейін жалғасады.

← Барлық жаңалықтар