Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 6 қаралым

Теріскейдің Абай еліне сыйлығы

Абай күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы Семей шаһарына ерекше тарту жасап, мемлекеттік рәміздер алаңын салып берді. Мағжан туған өлкенің бұл сыйлығы Президентіміздің бастамасымен «Абайға құрмет» акциясы аясында жүзеге асқан. Салтанатты ашылу рәсіміне қос облыстың әкімдері де қатысты. Аймақ басшысы Берік Уәли әріптесіне және Теріскей халқына ерекше алғысын білдіріп, мұндай игі шара өңіраралық ынтымақтастық пен ұлттық бірліктің жарқын көрінісі екенін атап өтті. Жалпы аумағы 2 гектар болатын жаңа алаңның ортасында биіктігі 35 метрлік Ту тұғыры, ал 10 метр биіктікте Елтаңба мен Әнұран мәтіні орналасқан.

Үсен Астана

← Барлық жаңалықтар