Астанада 25 тамыздан бастап электросамокат жүргізушілеріне тротуармен жүруге тыйым салынады. Өзгеріс аталған көлік құралын пайдаланушылардың қозғалысына қатысты жаңа талаптарға байланысты енгізіліп отыр. Жаңа ережеге сәйкес, электросамокатпен велосипед жолы немесе веложолақ арқылы жүруге болады. Олар болмаған жағдайда жол жиегімен қозғалуға рұқсат етіледі. Сондай-ақ самокатты енді тек кәмелетке толғандар ғана тізгіндей алады. JET қосымшасына тіркелу кезінде пайдаланушының ЖСН-і мен жасы тексеріледі. Ата-аналар өз аккаунттарын балаларына берген жағдайда, олардың есептік жазбалары бұғатталады. Бір самокатқа екі адамның мінуіне де жол берілмейді.