Енді атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждарды жасанды интеллект анықтайды. Жүйе жәрдемақыға өтініш берген адамдардың жағдайын бағалауға көмектеседі. Атап айтқанда, нейрожелі азаматтар ұсынған фото және бейнематериалдарды талдап, оның көмекке мұқтаждығы туралы ұсыным әзірлейді. Бұл учаскелік комиссиялардың жұмысын жеңілдетіп, шешім қабылдау кезінде адами факторды азайтуға мүмкіндік береді. Ақылды жүйе мүгедектік тобын белгілеу кезінде де қолданылады. Жасанды интеллект тұрғындардың медициналық мәліметтері мен диагноздарын саралап, мамандарға шешімін ұсынады.
АСҚАРБЕК ЕРТАЕВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:
Мүгедектік тобын белгілеу кезінде жасанды интеллект медициналық деректерді талдайды. Мүгедектік тобын айқындау кезінде медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз қатысушысы ретінде шешу жобасын қалыптастырады. Бұл объективтілікті қамтамасыз етуге, мүгедектік тобын белгілеудің бірыңғай тәсілін қалыптастыруға және адам факторының ықпалын азайтуға мүмкіндік береді.