Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 4 қаралым

Полицияның қызметтік көліктері аукционға шығады

Алматы полиция департаментіне тиесілі 35 қызметтік көлік аукционға шықты. Олардың бәрі ескі әрі соғылған. Сауда-саттық мемлекеттік мүлік тізімі порталында өтуде. Техникалардың басым бөлігі тозған, бөлшектелген, тіпті арасында жол апатына ұшырағандары бар. Кейбірінің бампері, дөңгелегі, ішкі салоны жоқ. Темір тұлпарлар жалпы жағдайы мен маркасына қарай бағаланып, 2 млн 100 мың теңгеден басталады. Бірақ барлық лоттар үш есе жоғары құнмен тұр. Өйткені аукцион кезінде сатып алушының талабына сай төмендейді. Сауда-саттық 2026 жылғы 12 тамызда басталмақ.

← Барлық жаңалықтар