Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 7 қаралым

Спорттың 10 түрінен спартакиада өтіп жатыр

Алматыда есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында Қазақстан Республикасының IV Спартакиадасы өтіп жатыр. Еліміздің 18 өңірінен 1500 азамат қатысуда. Олар он спорт түрі бойынша бәсекеге түседі. Төрт жылда бір келетін жарыстың мақсаты сурдолимпиадалық спорт түрлерін дамытып, ұлттық құрамаға іріктеу.

АСЫЛБЕК ДҮКЕТАЕВ — СПОРТТЫҚ ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ 

Осы спартакиада іріктеу деп санауға болады. Өйткені, осыдан үздік нәтиже көрсеткендер біздің ұлттық құрамаға кіруге мүмкіндік алады. Содан кейін әлем чемпионаттарына, Азия чемпионаттарына және де сурдо олимпиадаға қатысуға мүмкіндік алады. Мынау енді Қазақстан чемпионаты сияқты ғой. Комплексно кешенді өткеннен кейін сол результатқа қарап жол жасаймыз.

Ауқымды іс-шара 25-тамызға дейін жалғасады. Алматы қаласы мен Алматы облысында жеңіл атлетика мен сурдо жүзуден, Оралда шахмат, дзюдо, үстел теннисі, грек рим және еркін күрес бойынша сынға түседі. Спортшылар әзірге бұрынғы рекордын жаңартып, барынша дайындалып келген.

ЛАШЫН ШАХИСЛЯМОВА ҚР СПОРТ ШЕБЕРІ

Мен бүгін ұзындыққа секіруден 471 сантиметрге секірдім. Бұл өте жақсы көрсеткіш, өйткені, осыған дейінгі нәтижелерім нашар болатын. Спартакиадаға қатты дайындалып, өз техникаларымды пісенттедім. Тағы жарыста мен 100 метрге жүгіруден екінші орын алдым. Азия ойындарына жолдама алуға үмітім бар.

Гүлназия Мейірханқызы

← Барлық жаңалықтар