Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 8 қаралым

Нотариусты онлайн бақылауға болады

Енді қазақстандықтар өзіне қатысты нотариалдық жұмыстарды онлайн бақылай алады. Бұл туралы Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев үкімет  отырысында мәлімдеді. Ол үшін E-Notary жаңа цифрлық платформасы іске қосылады. Жаңа жүйеде нотариусқа жүгінген адам биометриялық сәйкестендіруден өтеді. Ал жеке кабинет арқылы қолданушы өзіне қатысты рәсімдерді көріп, заңсыздық байқалса, қарсылық білдіре алады.

ЕРЛАН СӘРСЕМБАЕВ, ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІ

Бұл ретте нотариаттық әрекетті жасау туралы түпкілікті шешімді нотариус өзі қабылдайды. Платформаны пилоттық пайдалану қорытындысы бойынша оны ағымдағы жылдың соңына дейін еліміздің барлық өңіріне енгізу жоспарлануда.Қорытындылай келе, ең алдымен азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған нотариаттық және атқарушылық іс жүргізудің заманауи цифрлық моделін қалыптастыра отырып, азаматтардың шағымдарын қараудан олардың алдын алуға көшеміз.

Қырмызы Маршал

 

← Барлық жаңалықтар