Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 2 қаралым

Операциядан кейін адамның ішінде мәрлі қалып қойған

Қызылорда облысының тұрғыны операциядан кейін денесінде мәрлі қалып қойғанын айтып, сотқа жүгінді.

Ақ халаттының қателігінен ажал құша жаздады. Қызылорда облысының тұрғыны дәрігерді айыптап, сотқа жүгінді. Оған себеп: операция жасаған маман денесінде бөгде затты ұмыт қалдырған көрінеді. Жоғарғы соттың ақпаратынша, ер адамға ағзадағы кистаны алып тастау үшін ота жүргізілген. Дегенмен оның жағдайы жақсарғанның орнына, керісінше, нашарлай беріпті. Асқыну салдарынан ол араға екі ай салып, қайтадан операция үстеліне жатуға мәжбүр болған. Сөйтсе, ішінде мәрлі қалып қойыпты. Сот отырысы кезінде барлық мән-жайлар медициналық құжаттармен және бейнежазбамен расталды.

ЖОҒАРҒЫ СОТТЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Ота жасау кезінде міндетті стандарттар сақталмағаны, отадан кейінгі бақылау дұрыс жүргізілмегені, медициналық құжаттама бұзушылықтармен жүргізілгені анықталды. Сот ұсынылған дәлелдемелерді зерттей отырып, жауапкердің кінәсі дәлелденген деген қорытындыға келді және талап қоюды қанағаттандырды. Медициналық мекемеден талап қоюшының пайдасына моральдық зиян мен материалдық залалдың орнын толтыру есебінен 1,5 млн теңгеден астам қаражат өндірілді.

← Барлық жаңалықтар