Кезінде шекара шебін қорыған қызметтік иттер енді сатылымға шығады. Иісшіл сақшыларды электронды сауда порталынан табуға, аукцион арқылы алуға болады. Бәссаудаға осындай 7 ит қойылған. Бастапқы бағасы небәрі 1000 теңге шамасында. Мәселен, 10 жасар Матео атты неміс овчаркасының құны 935 теңгеге бағаланып отыр. Одан басқа, жасы ұлғайған тағы 6 ит бар. Миссиясын мінсіз атқарған шығыс-европалық және неміс овчаркасы тұқымдастары 11 552 теңгеден бастап саудаланбақ. Ал аукцион 18 тамызда басталады. Айта кетейін, қызметтік иттер мемлекеттің меншігі саналады. Сондықтан жасы жетіп, шенін шешкен жануарларды кинологтар иелене алмайды.
Елімізде иісшіл иттер сатылымға шығарылады
Кезінде шекара шебін қорыған қызметтік иттер енді сатылымға шығады.
Бөлісу:
← Барлық жаңалықтар