Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 4 қаралым

Алматыда не өртенді?

Алматыда химикатқа толы қойма өртенді.

Алматыда химикатқа толы қойма өртенді. Жалын әп-сәтте Алматының аспанын қара түтінге орады. Ішінде асфальттың сапасын жақсарту үшін қолданылатын түрлі қоспалар жанған. Алапат өрт таңғы ондар шамасында шығып, құтқарушылар бірден штаб құруға мәжбүр болған. Өйткені тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтамаса, қатарлас тұрған қойманың бәрін жалын шарпитын еді дейді. Аптап ыстық та құтқарушылардың жұмысын қиындатқан.

АСҚАР ЖАМАНҚҰЛОВ, ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АПАТТЫҚ ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Сөндіру үшін күштер мен құралдардан 63 адам, техникалардан 16 техника жұмылдырылды. Сөндіру барысында адамдар зардап шеккен жоқ, техникалар болған жоқ.

← Барлық жаңалықтар