Елімізде патронаждық қызметтің жұмысы жылдан-жылға жанданып келеді. Қазір мамандар ана мен баланың денсаулығын бақылаумен қатар, әйелдің психологиялық жағдайы мен әлеуметтік қауіп-қатерлерге де назар аударады. Әсіресе, тұңғыш сәбиін дүниеге әкелген аналар үшін босанғаннан кейінгі алғашқы апталар оңай болмайды.
НАЗАНИН ЮЛДАШЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Алғашқы босанған кезімде жақсы көмегін тигізді. Алғашқы кезде аналар көп нәрсені білмейді. Олар келіп түсіндіреді. Қалай емізу керек, қалай обработка жасайды. Қалай шомылдыру керек, немен шомылдыру керек. Балада сарғаю болды. Қалай емізу керек, солардың барлығын үйретеді. Мына жаққа келіп қуанып қалдым. Бұл жақта барлық жағдай жасалған.
Соңғы жылдары елімізде патронаждық қызметтің ауқымы кеңеюде. Медбикелер саны көбейіп, үйлерді аралау жұмыстары жиілеген. Мамандар тұрақты түрде біліктілігін арттырып, жаңа тәжірибелерді әріптестерімен бөлісіп отырады.
МӨЛДІР ЖАНДАРБЕК, ПЕДИАТР:
Қазіргі таңда осы патронаж қызметінің арқасында балалардағы бұзылушылықтар ерте анықталып жатыр. Дер кезінде көмек көрсетіліп жатыр балаларға. Және де жақсы нәтижеге жетіп жатыр. Сонымен қатар патронаж қызметі жүкті әйелдерге, босанғаннан кейінгі әйелдерге депрессия жағдайларында немесе әлеуметтік көмек көрсету жағдайлары кезінде де көмек көрсетіледі.