Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 5 қаралым

Елорданың шеткері аумақтарында үй салуға шектеу қойылады

Елорданың инфрақұрылымы жоқ шеткері аумақтарында көппәтерлі тұрғын үйлер салуға алдағы 9 жылға шектеу қойылды. Бұл туралы Астана қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында мәлім болды. Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Алтынбек Ахметовтің айтуынша, елорданың сәулеттік келбетін қалыптастыру және шаһар құрылысын жоспарлау қағидаларына тиісті өзгертулер енгізілді.

АЛТЫНБЕК АХМЕТОВ, ҚАЛАЛЫҚ СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Қағидаларды қаланың шеткері аумақтарында Бас жоспар жобасымен магистралдық-инженерлік желілермен және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеген жерлерде жер учаскесін беруге және көппәтерлі тұрғын үйлер салуға 2035 жылға дейін уақытша шектеу енгізуді көздейтін тармақпен толықтыру ұсынылады. Қазіргі уақытта қағидалар жобасы уәкілетті органдармен келісілді. Аталған жоба қолданыстағы заңнамаларға қайшы келмейді және құқықтық актілерге қойылатын талаптарға сай.

← Барлық жаңалықтар