Бюджет есебінен білім алып, маман атанғандардың назарына. 25 тамыздан бастап грантта оқығандарға қойылатын талаптар өзгереді. Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығына сәйкес, авиациялық мамандықтар бойынша білім алған жағдайда, тиісті ұйымдарда кемінде 5 жыл, ал басқа мамандықтар бойынша кемінде 3 жыл еңбек ету міндеттеледі. Докторантурада оқығандар да білім беру бағдарламасының бейініне сай келетін мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда кемінде 3 жыл тер төгуі тиіс.