Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 10 қаралым

Астананы көгалдандыру бойынша жобалар талқыланды

Астананың маңайында ағаш көбейіпті. Тіпті осыдан жиырма жыл бұрын егілген көшеттер бүгінде жайқалған ну тоғайға айналып, елорда тұрғындарының таза ауамен тыныс алуына зор септігін тигізуде. Бұл істі дамыту үшін 2026 жылдың шілдесінде еліміздің Экологиялық кодексіне маңызды өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар Париж келісімінің арқасында Қазақстан шетелдік инвесторлардың қаржысын тартып, экологиялық жобаларды әлемдік деңгейде жүзеге асыра алады. Барлық іс-шара мемлекеттің қатаң бақылауымен өтеді әрі халықаралық талаптарға толық сай болады, дейді ведомство өкілдері.

ЕРЛАН НЫСАНБАЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ:

Бүгін біз халықаралық деңгейде Париж келісімі бойынша алған шарттарымызды орындау міндеттемелеріміздің аясында орман отырғызу, қолдан орман өсіру жобаларын іске асыруға әзірміз.

Үсен Астана

← Барлық жаңалықтар