Ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткен байлық. 3 жылдан бері мемлекетке 1 трлн-нан астам заңсыз активтер қайтарылған. Прокуратураның хабарлауынша, оның ішінде қомақты қаржылар, жылжымайтын мүліктер, компаниядағы акциялар мен жер учаскелері бар. Айта кетейік, ақшалай түскен активтер «Арнайы мемлекеттік қорға» аударылады. Ал қалған объектілер басқару компаниясының құзыретіне өтеді. Осы уақытқа дейін жиналған қаражат әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымдық жобаларға жұмсалған. Мәселен, еліміздің әр өңіріндегі денсаулық сақтау, білім беру мен спорт салаларына бағытталыпты. Сондай-ақ сумен жабдықтау және көлік, энергетика секторлары да қамтылған. Олардың жалпы саны 483 жобаны құрайды.
3 жылдан бері елімізге 1,1 трлн теңге көлемінде заңсыз активтер қайтарылған
Бөлісу:
← Барлық жаңалықтар