Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 7 қаралым

Жүйедегі ақаудан жүргізушілерге келген айыппұл жойылады

Жүргізушілерге қате келген айыппұлдар автоматты түрде жойылады. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, 13–14 тамызда Бас прокуратураның ақпараттық жүйесінде техникалық ақау болған. Соның салдарынан кей азаматтарға орташа жылдамдықты асырғаны үшін емес, көлікті белгілі бір сәтте жылдам жүргізгені үшін айыппұл келген. Ведомство аталған мәселе бойынша полицияға жүгініп, шағым түсірудің қажеті жоқ екенін айтты. Ал айыппұлды төлеп қойған адамдарға қаражатты қайтару тәртібі әзірге пысықталып жатыр.

← Барлық жаңалықтар