Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 7 қаралым

5G ауру тарата ма?

Барлық пәле 5G-ден бе? Қоғамда осындай қауесет тараған. Көпті елең-алаң қылған осы бір сауалға еліміздің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіндегілер жауап берді. Мамандардың мәлімдеуінше, 4G және 5G-дің денсаулыққа қауіп төндіретінін растайтын нақты ғылыми дәлелдер жоқ. Олар биыл 255-тен астам ғылыми зерттеуді талдаған. Ведомство барлық талап сақталғандықтан, ұялы байланыс мұнаралары да халық денсаулығына қауіп төндірмейтінін айтты. Сондықтан тек ресми және ғылыми деректерге негізделген ақпаратқа ғана сүйенген жөн.

Ақбаян Сұлтанмұрат

← Барлық жаңалықтар