Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 4 қаралым

Ауылға көшкендерге бес сиыр мен үй беріледі

Ауылға көшіп барғандарға бес сиыр мен тегін баспана беріледі. Қостанай облысы Жангелдин ауданы Шилі ауылының тұрғындары осындай бастама көтеріп, көпбалалы отбасыларды шақырып жатыр. Себебі елді мекендегі мектепте бала саны азайып, жабылып қалуы мүмкін. Қазір 40 шақты оқушы бар. Білім ордасының 11 жылдық мәртебесін сақтау үшін кемінде 81 оқушы қажет. Ауылда математика, физика және информатика мұғалімдеріне сұраныс бар. Сондай-ақ ветеринар мен электрик те керек. Көшіп келгендерге жергілікті халық жиналып, бес сиыр және екі жылға жететін шөпті өзіміз береміз деп отыр. Бұдан бөлек, жергілікті әкімдік көмірмен қамтамасыз етеді. Қаңтар айында бір отбасы қоныс аударған. Қазір тағы үш жанұямен келіссөз жүргізіліп жатыр.

← Барлық жаңалықтар