Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 2 қаралым

Түркияға барған қазақстандық не бүлдірді?

Отандастарымыз қайда барса да, сол елді шулатып жүреді. Түркияның Босфор бұғазына ат басын бұрған жерлесіміз теңізде жалаң қолмен шағаланы ұстап алды. Құсқа бір үзім нан ұсынған азамат оның жегенін желкесінен шығара жаздады. Ол қаннен-қаперсіз адамдардың жанына жақындаған қанаттының дереу мойнына жармасқан. Ал қызық қуған қазақстандықтың ерсі ролигін достары әлеуметтік желіге жүктеп үлгеріпті. Бірақ бұзақының бұл хайпын интернет қолданушылары айыптап жатыр. Тіпті аталған оқиғаға Сыртқы істер министрлігі де назар аударды. Ведомство жат жерге қыдырып барған азаматтарды сол елдің мәдениетін, дәстүрін, жануарлар әлемін құрметтеуге шақырады. Мысалы, дәл осы қылығы үшін турист әкімшілік, тіпті қылмыстық жауапкершілікке де тартылуы мүмкін. Алайда Анадолы елінің құқық қорғаушылары әзірге бұл видеоға назар аудара қоймапты.

← Барлық жаңалықтар