Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 6 қаралым

Армандаған баспанаға қол жеткізді

Алматыда 210 отбасы баспаналы болды. Барлығы тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж азаматтар мен кезекте тұрғандар. Бүгін қала әкімі Дархан Сатыбалды салтанатты жағдайда пәтер кілтін табыстады. Шаһар басшысы игі бастама Президенттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі деді. Әкімдік алдағы уақытта «Отбасы банкімен» бірлесіп, 4 мыңнан астам пәтерді үлестіріп бермек. Бұдан бөлек, «Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасынан босаған 1 мыңнан аса баспана кезекте тұрған жандарға таратылады. Тағы 594 пәтерді несие шарттарымен ұсыну көзделген. Ал бұл жолы үй алғандар бөркін аспанға атып қуанып жатыр.

← Барлық жаңалықтар