Әскери міндетін өтеп келгендерге білім гранты берілді. 1 745 жігіт осындай мүмкіндікке ие болды. Оның ішінде 234-і ІТ саласын таңдаса, 136 сарбаз орман шаруашылығында оқиды, ал 134 азамат байланыс мамандығын таңдаған. Грантқа ие болғандар еліміздегі іргелі университеттерде білім алады. 2024 жылдан бері Президенттің бастамасымен әскерден келген жастарға тегін білім алуға, жатақханамен қамтылуға және әскери оқу орнына түсуге басымдық беріліп келеді.
Үсен Астана